Алимент төлеушінің жалған жалақы көрсетуі: жаза мен жауапкершілік

Алимент төлеуден жалтару мақсатында жалған жалақы көрсеткен тұлғалар жазаланады. Заңгер Қуат Ауғанбек алимент төлеу шарттары мен мұндай әрекеттердің құқықтық салдары туралы түсінік берді.

Заңгердің айтуынша, жалған жалақы көрсету – бұл жалған құжаттарды ұсыну болып табылады, ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Аталған бапта жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді және басқа да мемлекеттік белгілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу туралы айтылған.

Сондықтан алимент төлеушілер үшін жалған ақпарат беру тек моральдық емес, сонымен қатар құқықтық тұрғыдан да қауіпті. Заңгердің пікірінше, мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін, сондықтан алимент төлеушілерге заңды түрде өз міндеттерін орындау ұсынылады.

Поделитесь с друзьями